• RUB:
    5.28
  • USD:
    480.61
  • EUR:
    534.53
Басты сайтқа өту
Қоғам 14 Сәуір, 2023

Қазақстандықтар африкалық жетім балаларға ауызашар берді

735 рет
көрсетілді

Жетім балаларға берілген ауызашарды Мақат ауылының жастары ұйымдастырған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысы Мақат ауылының жастары қасиетті Рамазан айында қайырымды іс жасады. Олар Африкадағы мұсылмандарға  ауызашар беретін қорға ақша аударып, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған кешкі асты ұйымдастырған. Дастархан 60 балаға жайылған.

«Африка мұсылмандары ауыздарын қара сумен ашатынын естігенде ас беру ойы туындады. Олардың күнкөріс деңгейлері өте төмен. Оның үстіне, елімізде ауызашар беріп жатқандар өте көп. Өңірлердегі әрбір мешітте де олар күнделікті тегін ұйымдастырылады. Аталған елдегі халықтың жағдайына қарап шүкіршілік етсек деген ой болды», деді ұйымдастырушылар.

Африкалық балалар қайырымды жастарға алғысын бейнежазбамен жолдады.

 

Соңғы жаңалықтар