• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қаржы 14 Сәуір, 2023

Доллар бағамы көтерілді

522 рет
көрсетілді

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысына сәйкес, доллардың орташа сараланған бағамы 0,22 теңгеге көтеріліп, 450,25 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 14 сәуірдегі ресми бағамы - 449,86 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 448,96 теңге, сату – 452,61 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 449,74 теңгеден сатып алынып, 453,89 теңгеден сатылып жатыр.