• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Хоккей 15 Сәуір, 2023

Ұлттық құраманың үш хоккейшісі Қазақстан азаматтығынан бас тартты

2414 рет
көрсетілді

Үш хоккейші Қазақстан азаматтығынан бас тартты. Енді олар 2023 жылғы әлем чемпионатында ұлттық құрамада ойнамайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Егор Петухов, Антон Сагадеев және Алексей Маклюков Ресей құрамасында ойнау үшін Қазақстан азаматтығынан бас тартты.

Бұған дейін Петуховтың «Барыстан» кететіні туралы хабарланған болатын. Соңғы екі маусымда Маклюков Магнитогорск «Металлургінде» өнер көрсетті. Оған дейін төрт жыл бойы «Барыста» болған. Ал Сағадеев    мансабын Сочиде жалғастыруды  жоспарлаған.

Үшеуі Қазақстан азаматтығын алса да, Ресей азаматтығынан  бас тартпаған еді. Енді олар Қазақстан құрамасында  өнер көрсетпейміз деп шешім қабылдаған.

Естеріңізге сала кетейік, Андрей Скабелка ұлттық команданың бас бапкері қызметінен босатылып,  орнына Ғалым Мәмбетәлиев тағайындаған еді.

Қазақстан 12-28 мамыр аралығында Ригада (Латвия) және Тамперде (Финляндия) өтетін әлем чемпионатына қатысады. Олар топтық кезеңде  Канада, Чехия, Латвия, Словакия, Словения, Норвегия және Швейцария командаларымен ойнайды.