• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 15 Сәуір, 2023

Bike for Peace: «Қазақстанға қараңыз – олар ядролық қарудан бас тартты!»

437 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко төрағасы Торе Нэрлэнд бастаған «Bike for Peace» үкіметтік емес ұйымының делегациясын қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тараптар ядролық қарусыздану және жаппай қырып-жою қаруын таратпау мәселелері бойынша пікір алмасты.

Р.Василенко 2045 жылға таман, яғни БҰҰ құрылуының жүз жылдық мерейтойына орай Қазақстанның ядролық қарудан азат әлем құруға бағытталған күш-жігердегі дәйекті саясаты туралы хабардар етті. Сонымен қатар, дипломат елімізде жүзеге асырылып жатқан институционалдық реформалар туралы және Әділетті Қазақстанды құру тұрғысынан парламенттік сайлаудың қорытындылары туралы хабарлады.

Өз кезегінде Т.Нэрлэнд әлемнің түрлі елдерінде велотурлар аясында саясаткерлермен, қоғаммен, жастармен өткізілетін кездесулері барысында ядролық қарусыз әлемді насихаттауға бағытталған «Bike for Peace» қозғалысының қызметі туралы айтып берді. 1977 жылы қозғалыс құрылғаннан бері барлығы 120-дан астам елде 250 велотур ұйымдастырылды.

Норвегиялық ҮЕҰ басшысы Қазақстан ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартудың үлгісі екенін атап өтті.

«Биыл және келесі жылы біз Азия елдері арқылы Нью-Йорк қаласына дейін үлкен велотур ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз және ол «Қазақстанға қараңыз – олар ядролық қарудан бас тартты!» деген ұранмен өтеді», деді ол.