Қоғам 15 Сәуір, 2023

11 сынып оқушысы адам өлтірді деген күдікке ілінді

1002 рет
көрсетілді

Түркістан облысының полицейлері 9 сәуірде Ордабасы ауданындағы суару каналынан мәйіті табылған қызды өлтірді деген күдікке ілінген адамды анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Күдікті – 11 сынып оқушысы. Ол полиция бөліміне жеткізіліп, қамауға алынды.

Аталған жайтқа байланысты ҚР ҚК-нің  99-бабы 2-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 

Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. 

Тергеу ісі Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында.