«Қадір» сөзінің тағы бір мағынасы «абырой, бедел». Мұндай жоғары дәрежеге лайық болуының себебі, бұл түннің қадір-қасиеті мың айдан да қайырлы.
Қадір түні - дұға қабыл болатын ерекше түн. Айша анамыз (Алла оған разы болсын) Пайғамбардан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Уа, Алланың елшісі, Қадір түнінде қандай дұға жасайын», деп сұрағанда, Ол (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Аллаһуммә иннәкә ъафуун кәрим, тухиббул ъафуа, фаъфу ъанни» (Алла Тағалам, Сен кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің, менің күнәларымды кешіре гөр)», деп дұға етуге кеңес берді.