Ертең елордалық оқушылар қолайсыз ауа райына байланысты онлайн оқиды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Астана білім басқармасы хабарлады.
«17 сәуір күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», делінген хабарламада.