• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Қоғам 17 Сәуір, 2023

Жаңаөзендегі жарылыс: бір адам қаза тапты

296 рет
көрсетілді

Жаңаөзендегі жарылыстан зардап шеккен 13 адам ауруханаға түсті. Соның ішінде 29 жастағы ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz mangystaumedia.kz  сайтына сілтеме жасап.

Қалалық аурухананың баспасөз қызметі мәліметінше, екі адам жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр, бірінің 80 пайыз, екіншісінің 50 пайыз денесін күйік шалған. Басқа адамдардың жағдайы қанағаттанарлық.

Оқиға орнына облыс әкімі Нұрлан Ноғаев та барған. Үйіндіні аршу, құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Айта кетейік, оқиға 17 сәуірде таңғы сағат 5 шамасында (Астана уақытымен) Жаңаөзен қаласындағы 2-шағынауданда екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйде болған. Алдын ала болжам бойынша газ жарылғаны хабарланды. Ал салдарынан 150 шаршы метр кіреберіс қираған.