Жаңаөзенде газ жарылған үйдің үйінділері астынан әйел адамның денесі шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«11:45-те үйінділердің астынан әйелдің денесі алып шығарылды. Осылайша, қазіргі кездегі жағдай бойынша, үйінділердің астынан 4 аман қалған адам мен 4 адамның денесі алып шағарылды. 6 адам ауруханаға жатқызылды», делінген хабарламада.
ТЖМ қызметкерлері үйінділерді қопару жұмыстарын жалғастырып жатыр.