• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
08 Шілде, 2014

Cолтүстік Қазастан облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

370 рет
көрсетілді

АСТАНА. 8 шілде. Президент әкімшілігінің келісімімен және Cолтүстік Қазақстан өңірінің басшысы Ерік Сұлтановтың өкімімен Анархан Дүйсенова облыс әкімінің әлеуметтiк мәселелер бойынша орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы sko.kz хабарлады. Анархан Қалиқызы 1971 жылы Көкшетау облысы Келлеров ауданы Талап ауылында туған. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiн биология және химия пәндерiнiң мұғалiмi мамандығы бойынша бiтiрген. 1990 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында денсаулық сақтау саласында жұмыс істеген. 2003-2006 жылдар аралығында  Тайынша  аудандық мәслихатының хатшысы, 2006-2011 жылдар аралығында Тайынша ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Ал 2011 жылдың қарашасынан осы тағайындауға дейін Тайынша аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып қызмет еткен. Жолдыбай Базар. Дереккөз: sko.kz. Фото: «ҚазАқпарат».