• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
08 Шілде, 2014

Көкшетауда Қазақстан-Беларусь индустриалды-технологиялық паркі ашылады

396 рет
көрсетілді

АСТАНА. 8 шілде. Көкшетауда ауылшаруашылығы және коммуналдық техникаларды шығаратын Қазақстан-Беларусь индустриалды-технологиялық паркі ашылады деп күтілуде. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады. Ақмола облысының әкімі  С.Кулагин мен Беларусьтың еліміздегі төтенше және өкілетті елшісі А.Ничкасов арасында өткен кездесуде белгілі болғандай, аталған бірлескен жоба – «Қазақстанның Агро Инновациялық Корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өңірде жаңа жұмыс орнын ашып, өнім көлемін арттыруды және жақын шетелдерге тауар экспорттауды көздеп отыр. Бүгінде осы бағытта 6 гектар жер телімі бөлініп, жобалық құжаттамалар мемлекеттік сараптамадан өткізілуде. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарын 2014 жылдың 4-тоқсанында аяқтау жоспарланып отыр. Тағы бір айта кетер жәйт, кездесу барысында тараптар машина құрылысы, ауылшаруашылығы, коммуналдық техникалар шығару және жиһаз жасау жөнінде келіссөздер жүргізді. Жолдыбай Базар. Дереккөз: «ҚазАқпарат». Фото: el.kz.