Ақмола облысының Бастау ауылында 30 жылқы мұз астында қалып, арам өлді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдайлар қызметкерлері 100 жылқыны арнайы техниканың көмегімен алып шыққан. Тағы 30 жылқыны судан шығару мүмкін болмады.
Атбасар ауданы әкімдігінің мәліметінше бұл Бастау ауылы тұрғындарының жылқылары болған. Ауыл тұрғындары жылқысын бақташыға бағуға берген. Бірақ ауа райы күрт бұзылып, боран соққан кезде бақташылар жылқыдан көз жазып қалған екен.