Олардың 89-ы ауру-сырқаттан, 62-сі жол апатынан, 50 адам суицидтен қайтыс болған. Сенатта әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Депутаттардың айтуынша, былтыр 131 мыңнан астам бозбала әскерге шақырылса, 13 проценті жарамсыз екені анықталған. Сенаторлар жасөспірімдердің тән мен рух тәрбиесі қолға алынуы тиіс деген пайым айтты. Себебі қазіргі кезде міндеттелген квотаны толтыру үшін әскер қатарына денсаулығы жоқ бозбалалар да кетіп жатыр.
«Әскерге шақыру комиссиясының алдына келгенше әр баланың бүкіл психо-физикалық портреті жинақталуы тиіс. Бұл сараланған ақпарат суицидке бару, әлімжеттік көрсетуге бейім адамдарды ерте анықтап, көп мәселенің алдын алады», деді депутаттар.
Сондай-ақ әскери қызметшілердің жалақысын арттыру, әскери және азаматтық дәрігерлердің жалақысын теңестіру, тұрғын үй сатып алу үшін бастапқы жарнаны төмендету шаралары қаралды.