• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 18 Сәуір, 2023

Астаналық азамат жүкті әйелін ұрғаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды

280 рет
көрсетілді

Астана қаласының тұрғыны жүкті әйелін ұрғаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«102» арнасына елорданың 36 жастағы тұрғынынан оны жұбайы ұрып-соққаны туралы хабарлама келіп түсті.

42 жастағы ер адам үйінде кәмелетке толмаған екі баланың көзінше жұбайына қатысты балағат сөздер айтып, оның ар-намысын қорлап, оны ұрып-соққаны анықталды. Белгілі болғандай, бұл ер адамның жұбайына бірінші рет қол көтеруі емес.

Аталған дерек бойынша құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 732-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен ер адам 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.