Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданына әкім тағайындалды. Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев әкім болып тағайындалған Арман Бекбосыновты аудан активіне таныстырды.
Соңғы жартыжылдықта аудан әкімі лауазымы бос тұрған болатын. Оған дейін аудан тізгінін ұстаған Нұрлыбек Шерубаев облыс әкімінің орынбасары болып ауысқан еді.
Арман Бекбосынов – Өскемендегі жол-құрылыс институтын тәмамдаған. Ұзақ жылдар көлік және коммуникация саласында жауапты қызметтер атқарды. 2009-2010 жылдары Шығыс Қазақстан облысы жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының бастығы, 2010-2013 жылдары Катонқарағай ауданының әкімі, 2013 жылдың тамыз айынан «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
Шығыс Қазақстан облысы.