21 сәуірден бастап Мәншүк Мәметова атындағы Орал халықаралық әуежайынан Египетке ұшу басталады. Рейстер жаз бойы жүреді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шарм-эш-Шейх пен Орал шаһарының арасын Scat Airlines әуекомпаниясы жалғайды. Енді әлемге танымал курортқа Boeing 737MAX ұшағымен Орал қаласынан бес күнде бір рет ұшуға болады. Рейстер қазан айына дейін жоспарланған.
«Орал қаласынан шығатын әуе рейстерін көбейту – біз көздеген басым бағыттың бірі. Біз өңір тұрғындарына ел ішінде сұранысқа ие бағыттар бойынша, сондай-ақ танымал шетелдік курорттар бойынша тікелей рейстердің қолжетімді болуын көздеп отырмыз. Египетке чартерлік бағдарламаның басталуы бұл мәселені шешудегі маңызды оқиға болды», дейді әуежайдың бас директоры Рустам Бектеміров.
Айта кетейік, бұған дейін Орал әуежайы арқылы Астана-Орал-Майндағы Франкфурт әуе рейстері 2017 жылдың 14 маусымынан бері аптасына екі мәрте ұшып келеді. Ал былтыр жазда Түркияның Анталия қаласына маусымдық рейстер қосылған болатын. Ол биыл мамыр айында қайта жалғасады. Scat Airlines түрік курортына аптасына екі рет ұшатын чартерлік бағдарламаны бастайды.
«Орал қаласынан ұшатын турларды қазірдің өзінде туроператорлардан сатып алуға болады», дейді Айнагүл Сақпосынова.