• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 19 Сәуір, 2023

Талдықорғанда білім бөлімі қызметкерлері жымқырған қаржы 2 млрд теңгені құрады

985 рет
көрсетілді

Талдықорған қалалық білім бөлімінің қызметкерлері миллиардтаған қаржы жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz ANTIKOR баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жетісу облысының прокуратурасының үйлестіруімен Талдықорған қаласының білім бөлімінің қызметкерлері ұсталды.

«Аталған азаматтар білім беру саласында іс жүзінде жұмыс істемейтін үлестес тұлғалардың пайдасына жалақы түріндегі өтеусіз аудару жолымен аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жүйелі негізде ұрлады деген күдікке ілінді. Алдын ала келтірілген залал сомасы шамамен 2 миллиард теңгені құрады», делінген хабарламада.

Қазіргі таңда істің мән-жайларына тиесілі 29 жылжымайтын мүлік объектісі мен қымбат автокөліктер тәркіленді. Күдіктілер  ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

«Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік Кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрқайсысы кінәсіз деп есептеледі», деп хабарлады вдеомство.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.