ANTIKOR білім бөлімі қызметкерлерін ұстау кезінде түсірілген видеоны жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қалалық білім бөлімінің қызметкерлері аталған салада іс жүзінде жұмыс істемейтін үлестес тұлғалардың пайдасына жалақы түріндегі өтеусіз аудару жолымен аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жүйелі негізде ұрлады деген күдікке ілінді. Алдын ала келтірілген залал сомасы шамамен 2 миллиард теңгені құрады.