• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Баға 20 Сәуір, 2023

Алматы облысы: Баға өзгермеген аудандар бар

284 рет
көрсетілді

Бүгінде Алматы облысының аумағында 208 жанар-жағармай құю стансалары жұмыс істейді. Оған қоса 22 мұнай қой­масы бар. Осын­дағы «Мұнай және газ ақпараттық-талдау орта­лығы» АҚ дерек­теріне сәйкес, өңірдегі дизель отыны­ның жалпы көлемі – 8434,8 тоннаны құрайды.

– Қазіргі уақытта жанармай құю станса­лары­ның қорларында дизель отыны – 1527,3 тонна (тәулік­тік қажеттілік 348 тонна, 6 күн­ге), АИ-92 – 2711,1 тонна, (тәуліктік қамтама­сыз етілуі 7-8 күн), сондай-ақ, АИ- 95 маркалы бензин – 2150,9 тонна. Бүгінгі күні 52 ЖЖМ стансаларында дизель отыны тапшы. Жанар-жағармайдың шекті бағалары бекітілгеннен кейін, облыста барлық жанар-жағармай құю стансалары өткен көлем қалдық­тарын сатуға байланысты жаңа баға дәлізіне көшкен жоқ. Мысалы, Кеген ауданында дизель бағасы 230 теңге күйінде болса, Қарасай, Жамбыл аудандарындағы «Qazaq Oil» және «GASENERGY» желілік жанармай құю бекеттерінде бұрынғы бағамен сатылуда. Жанар-жағармай құю стансалары шаруашылық субъектілер болғандықтан, оның иелері шекті бағаларды ескере отырып, ЖЖМ бағасын көтеру туралы шешімді өздері қабылдайды, дейді облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы, сауда дамыту бөлімінің басшысы Әділ Әбілдаев.

Бас маманның мәліметінше, АИ-92  маркалы бензин бағасының өсуі Кеген және Райымбек ауданынан басқа барлық өңірлерде 202 теңге болып белгіленген.