Есірткі тасымалдаушыны жолда оның көлігін тексеру кезінде анықтаған. Ақтөбе облысы ПД ЕБҚІҚБ қызметкерлері және ҚР ІІМ ЕБҚІҚД-мен бірге жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Алға ауданының Маржанбұлақ ауылының кіре берісінде 39 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Mazda-626 автокөлігінен ұнтақ заты бар 3 полиэтилен пакеті табылды.
Оның үйінде де есірткі сақталғаны анықталды. Сондай-ақ Жаңақоныс ауылында есірткі жасырылған арнайы орын бары белгілі болды.
Жалпы салмағы 2 кг-нан астам синтетика тәркіленді. Аталған факті бойынша ҚК-тің 296-бабының 4-бөлігімен және 297-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, күдікті ҚПК-тің 128-бабының тәртібіне сәйкес ұсталды.