• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Елорда 22 Сәуір, 2023

Астанада кейбір көшелер уақытша жабылады

426 рет
көрсетілді

Астанада жөндеу жұмыстарына байланысы кейбір көшелер уақытша жабылады, деп хабарлайды Egemen.kz Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының Instagram парақшасына сілтеме жасап. 

«Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі Астана қалалық Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасымен келісе отырып Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, жол жүру бөлігін орташа жөндеу жұмыстарының басталғаны туралы хабарлайды», делінген хабарламада.

Дәлірек айтсақ, 22-26 сәуір аралығында Р.Қошқарбаев көшесінің қиылысы - Әл-Фараби даңғылы тұрғын үй алабы Железнодорожный оң жақ шығыс бағытындағы, сондай-ақ Әл-Фараби даңғылынан Р.Қошқарбаев бағытындағы көтерілісі уақытша жабылады.