• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
Спорт 23 Сәуір, 2023

Грек-рим күресінен Қазақстан ерлер құрамасы Испанияда 12 медаль иеленді

854 рет
көрсетілді

Испанияның Ла-Нусия қаласында күрес түрлерінен халықаралық турнир өтіп жатыр. Бәсекеде грек-рим күресінен Қазақстан ерлер құрамасы 12 жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның жетеуі - алтын, төртеуі - күміс және біреуі - қола.

1-орын

Ербол Камалиев (55 келі); Азамат Құрман (60 келі); Ержет Жарылқасын (63 келі); Сұлтан Әсетұлы (67 келі); Омар Сатаев (77 келі); Мақсат Сайлау (87 келі); Асылбек Әбдіқалық (130 келі).

2-орын

Асаухат Мұхамадиев (63 келі); Ерсін Абыйр (55 келі); Дәулет Жалғасов (77 кел); Ерзат Ерланов (97 келі).

3-орын

Ерасыл Мамырбеков (55 келі).