Шайбалы хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының алғашқы ойынында Қазақстан құрамасы қарсыласын 3:0 есебімен ұтты, деп хабарлайды Egemen.kz sports.kz сайтына сілтеме жасап.
18 жасқа дейінгі жасақталған Қазақстан құрамасы 2023 жылы Францияда өтетін әлем чемпионаты аясындағы алғашқы ойынын өткізді.
Мұз айдынында жас спортшыларымыз Венгрия құрамасымен кездесті. Қазақстандық хоккейшілер қарсыласын есеп ашуға мүмкіндік бермей, жеңіске жетті. Венгриялық хоккейшілер біздің қақпаға бір шайба да соға алмады. Ойынның нәтижесі 3:0 болды.
21-минутта Әділ Бейсембаев Қазақстан құрамасын алға шығарса, 35-минутта Артур Гросс екінші ұпайын командаға алып келді, көп күттірмей 36-шы минутта Әділ Бейсембаев дубль жасады.