• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Тағайындау 24 Сәуір, 2023

Жаңаарқа ауданының әкімі тағайындалды

653 рет
көрсетілді

ҚР Президенті әкімшілігінің келісімімен, Ұлытау облысы әкімінің өкімімен Қожықаев Қанат Шубайұлы Жаңаарқа ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қанат Қожықаев 1967 жылдың 9 сәуiрі күні Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кентінде дүниеге келген. Білімі жоғары. 1991 жылы Целиноград ауылшаруашылығы институтын, 2008 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін агрономия және экономика саласын құқықтық реттеу мамандықтары бойынша бітірген.

10.05.1991-04.01.1993жж. Жаңаарқа ауданының Дружба совхозының агрономы.

13.01.1993-12.03.1999жж. Жаңаарқа ауданының жер ресурстарының басқару комитетінің бас маманы.

12.03.1999-20.07.2005жж. Жаңаарқа ауданының жер кадастрлық «Қарағанды ҒӨО жер» филиалының директоры.

22.07.2005-01.01.2006жж. Қарағанды облысы бойынша «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК Жаңаарқа филиалының маманы.

01.01.2006-05.02.2007жж. Қарағанды облысы бойынша «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК Жаңаарқа филиалының меңгерушісі.

05.02.2007-01.09.2008жж. Жаңаарқа ауданының әділет басқармасының консультант тіркеушісі.

02.09.2008-27.01.2010жж. Қарағанды облысы бойынша «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМҚК Жаңаарқа филиалының меңгерушісі.

01.02.2010-31.12.2010жж. «Қарағанды жер Ғылыми Өндірістік Орталығы» Жаңаарқа филиалының директоры.

05.03.2011-23.05.2016жж. Жаңаарқа ауданының әкімі аппаратының басшысы.

23.05.2016-24.04.2023жж. Жаңаарқа ауданы әкімнің орынбасары.

24.04.2023 жылдан бастап Жаңаарқа ауданының әкімі