Павлодар қаласындағы Малайсары батыр және Кіші айналма жол көшелерінің қиылысында 29 жастағы ер адам өзін өртемек болған, деп хабарлайды Egemen.kz Павлодар облысының полиция басқармасына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде екі тұрғын өздерін бензинмен өртеп жібергені бейнеленген видео пайда болды. Видео авторының айтуынша, олар бұл әрекетті полиция қызметкерлері қысым көрсеткендіктен жасаған.
Павлодар облыстық полиция басқармасы бұл фактіні растап, оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
«Бұған дейін ер адам Павлодар тұрғынынан ақша бопсалады деген күдікке ілінген. Өз-өзіне қол жұмсау фактісіне қатысты ҚР ҚК 105-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», деді облыстық полиция департаментінің өкілдері.