25 сәуір күні кешкі уақытта Ақтөбе облысы Темір ауданының Шұбарқұдық кентінде екі қабатты тұрғын үйде өрт шықты, деп хабарлады Egemen.kz Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақтөбе облысы төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, құтқарушылар пәтерден сегіз адамды құтқарған, оның ішінде бір бала болған. Зардап шеккендер жоқ.
Өрт сөндірушілер шұғыл келген кезде тұрғын үйдің қонақ бөлмесі өртеніп жатқан.
«Өртті сөндіруге жеке құрамнан 5 құтқарушы мен өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Өрт сағат 18:28-де сөндірілді. Өрт алаңы 20 шаршы метрді құрады. Өрттің шығу себебі – үй иелері май шам жағып, қараусыз қалдырған», делінген хабарламада.