• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Есірткі 26 Сәуір, 2023

Ақтөбеде тағы бір есірткі жеткізу арнасы анықталды

335 рет
көрсетілді

Ақтөбеде кезекті «синтетика» жеткізу арнасы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

17 сәуірде Ақтөбе облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Завоводская көшесінде 26 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Hyundai Accent автокөлігін тоқтатты. Көлікте жолаушы болды.

Күдіктінің жалдамалы пәтерін тінту барысында 1,5 кг-нан астам «синтетика» тәркіленді.

ҚК-тің 296-бабының 4-бөлігі, 297-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктілер ҚПК 128-бабының талаптарына сәйкес, УҰИ-ға қамалды.

ҚК 296-бабының 4-бөлігі бойынша үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге, 297-бабының 1-бөлігімен мүлкi тәркiленiп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.