• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 26 Сәуір, 2023

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?

285 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 26 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Синоптиктердің болжамынша, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, таулы аудандарда 2-7 градус үсік жүреді.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың шығысында найзағай соғады. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, күші 9-14, түнде облыстың орталығында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысының оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың басым бөлігінде найзағай. Түнде облыстың шығысында шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан солтүстікке ауысып жел соғады, түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с.

Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Шымкентте 26 сәуірде шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 23 м/с.

Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, батысында, күндіз оңтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с болады.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде найзағай күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауыспалы жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда облысында жел шығыстан соғады, күші түнде облыстың орталығында, шығысында 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың орталығында, шығысында екпіні 25 м/с, шаңды дауыл сақталады.

Павлодар облысының солтүстігінде, батысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді.