Өскемен қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты. Қ.Бітібаева көшесіндегі тұрғын үйдің терезесінен қатты түтінді байқаған куәгерлер дереу өрт сөндіру қызметіне хабарласқан, деп жазады Egemen.kz.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына 6 минут ішінде жеткен. Облыстық төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, өрт жоғары қабаттардың балкондарына тараған. Қалың, қара түтін бүкіл кіреберісті шарпыған.
«Өрт сөндірушілер жеті адамды құтқарды, оның екеуі мүгедек болса, тағы екеуі - бала. Сондай-ақ бес тұрғынға түтінді кіреберістен эвакуациялануға көмек көрсетілді. Өрт ошағы болған пәтерде 1952 жылы туған ер адамға апаттар орталығы мен жедел жәрдем дәрігерлері алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ауруханаға жеткізді. Жалын шамамен 5 балконды шарпыған», деді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.