• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
10 Шілде, 2014

Маңғыстау облысында бөлім бастығы пара алу кезінде ұсталды

290 рет
көрсетілді

АҚТАУ. 10 шілде. Маңғыстау облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті облыстық табиғи ресурстар және табағатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлім бастығы Ө.Өтегенге қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Күдікті «Қошқар-Ата» қалдық қоймасын қалпына келтірудің жобалық-сметалық құжаттарын жасақтау кезіндегі жалпы қамқорлығы үшін азамат К-ден жобаның жалпы құнының 3 пайызын талап етіп,  нәтижесінде 1  миллион  тенгені пара ретінде алу үстінде ұсталған. Қаржы полициясының баспасөз хатшысы Н.Мұқатайдың айтуынша, пара алу фактісі бойынша  Қылмыстық кодекстің 311-бабының 4-бөлігі «в» тармағымен іс қозғалып, сот санкциясымен Ө.Өтеген қамауға алынған. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Гүлайым Шынтемірқызы. Дереккөз: egemen.kz. Фото: diapazon.kz.