• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Ауа райы 28 Сәуір, 2023

28 сәуірге арналған ауа райы болжамы

333 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК ұсынған мәлімет бойынша, республиканың оңтүстігі мен солтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік-шығыста шаңды дауыл, солтүстікте, оңтүстік-батыста тұман болжанды.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел түнде 2-7, күндіз 5-10 м/с болады. Ауа температурасы түнде +7+9 градус, күндіз +25+27 градус.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +10+12 градус, күндіз +25+27 градус.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +11+13 градус, күндіз +29+31 градус.