Кеше Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Серік Ахметов АҚШ-тың Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі Джон Ордвеймен кездесті, деп хабарлады осы ведомствоның баспасөз қызметі.
Тараптар әскери және әскери-техникалық өзара іс-қимыл саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы және келешектегі мәселелері бойынша пікір алмасты. «Қауіпсіздікті, бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық, – деді С.Ахметов, – екіжақты қарым-қатынастың басым бағыттарының бірі болып табылады».
Тараптар қазақстандық әскери қызметшілердің бітімгершілік әлеуетін, әскери білім беру мен арнайы дайындығын дамытуға ықпал ететін Әскери ынтымақтастықтың бес жылдық жоспарын жүзеге асыру аясындағы өзара іс-қимылдың табыстылығын атап өтті. Дж.Ордвейдің пікірінше, қорғаныс саласындағы өзара тиімді әріптестікті дамыту үшін үлкен әлеует пен перспективалар бар. Ал бұл өз кезегінде, өзара мүдделестік танытылып отырған уағдаластықтар мен жобаларды табысты жүзеге асыруға жағдай туғызады.