• RUB:
    4.94
  • USD:
    442.85
  • EUR:
    480.32
Басты сайтқа өту
Спорт 01 Мамыр, 2023

Ангелина Лукас WBC International атағы үшін жекпе-жекте жеңіске жетті

418 рет
көрсетілді

Қазақстан боксшысы Ангелина Лукас (3-0, 2 КО) Ыстанбұлда (Түркия) өткен бокс кешінде өнер көрсетіп, жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Ангелина мексикалық Анна Аррасоламен (28-16-3, 14 КО) жұдырықтасты. Бұл кездесу жеңіл салмақта өтті және ол 2 минуттан 10 раундқа есептелген болатын. Жеңімпаз WBC International чемпионы атағын жеңіп алуы тиіс еді. Ақыры, жекпе-жек  Ангелинаның жеңісімен аяқталды.

Осылайша, Ангелина Лукас кәсіби рингтегі 4-ші жеңісіне қол жеткізді. Ал Анна Аррасола болса, өз мансабында 17-ші рет жеңілді.