• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 01 Мамыр, 2023

ҰҚК академиясының жатақханасынан курсанттың мәйіті табылды

787 рет
көрсетілді

Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының курсанты өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2023 жылғы 30 сәуірде Қазақстан Республикасы ҰҚК Академиясының жатақханасынан 3-курс сарбазының мәйіті табылды. Өлімнің себебі – өзін-өзі өлтіру», делінген ведомство хабарламасында. 

Бостандық аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-бөлігі (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Марқұмның отбасы мүшелеріне қажетті қолдау көрсетіліп жатыр.