• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 02 Мамыр, 2023

Еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, жауын жауады

309 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» 2 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, батыста, оңтүстік-батыста жаңбыр жауады. Маңғыстау облысында кей уақытта күндіз қатты жауын болады.

Шығыста және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жауын-шашын жауады. Алматы облысында кей уақытта қатты жауын-шашын болады.   «Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді. Республиканың батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік пен шығыста тұман, оңтүстік-батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл болады», делінген хабарламада.

Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды ​​облыстарында, Алматы облысының таулы аймақтарында 1-6 градус аяз, Қостанайдың солтүстік-шығысында, Ұлытаудың солтүстігінде, таулы аймақтарында 1-6 градус аяз, Жетісу облыстарында 2 градус аяз болады.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан екпіні секундына 3-8 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 13-15 градус жылы.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан екпіні секундына 3-8 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 15-17 градус жылы.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел екпіні секундына солтүстік-шығыстан 8-13 метр, күндіз 15-20 метр болады. Ауа температурасы түнде 12-14 градус, күндіз 24-26 градус жылы.