• RUB:
    4.99
  • USD:
    441.59
  • EUR:
    480.27
Басты сайтқа өту
Спорт 02 Мамыр, 2023

Санатәлі Төлтаев әлем чемпионатының келесі кезеңіне өтті

490 рет
көрсетілді

Ташкенттегі бокстан әлем чемпионатында Санатәлі Төлтаев өзінің алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

63,5 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/32 финал кезеңінде С.Төлтаев Израиль боксшысы Ахмад Штивимен кездесіп, ұпай бойынша жеңіске жетті. Осылайша, Санатәлі Төлтаев әлем чемпионатының 1/16 финалына жолдама алып, жаттықтырушылардың үмітін ақтады.

Оның қарсыласы Ахмад Штиви кәсіби рингте өнер көрсетіп жүрген боксшы.  Ол осыған дейін 8 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстан құрамасы сапынан тағы бір боксшы өнер көрсеткен болатын. Сағындық Тоғамбай (86 кг) Конго өкілі Натан Нланду Мбелиді үш рет нокдаунға жіберді.