ПСЖ Мессиді Сауд Арабиясына барғаны үшін жазалайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Франция ақпарат агенттіктерінде жарияланды.
Олардың хабарлауы бойынша футболшы жаттықтырушысы мен спорт директорына ескертпестен Сауд Арабиясына кетіп қалған. Сондай-ақ жаттығуға келмеген. ПСЖ Лео Мессиді 2 аптаға ойыннан шеттетуге және осы уақыт аралығында жалақы төлемеуге шешім қабылдаған.