«Қазгидромет» мамырда құрғақшылық болуы мүмкін өңірлерді атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Синоптиктердің болжамынша, мамырда астық егілетін өңірлерде ылғалдану жағдайы нормаға жақын болады.
«Қостанай облысының Қарасу ауданында, Ақмола облысының Ақкөл, Атбасар және Астрахан аудандарында, Шығыс Қазақстан облысының Күршім, Глубокое, Зырян, Ұлан, Катонқарағай аудандарында және Өскемен қаласында, сондай-ақ Алматы облысының Талғар ауданында оңтайлы ылғалдану жағдайы болжанады», делінген хабарламада.
Бұл ретте Қызылорда облысының Арал және Қазалы аудандарында құрғақшылық күтіледі. Мұнда мамырда ауа температурасы жоғарылап, жауын-шашын жаумауы мүмкін.