Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ФИФА президенті Джанни Инфантиноның сыйлығын қабыл алды. Бұл туралы БОРТ N1 телеграм арнасы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Джанни Инфантино Қасым-Жомарт Тоқаев үшін Пеле, Марадона, Зидан және басқа да футбол аңыздары ойнаған 10-шы нөмірдегі жейдені сыйға табыс етті.
Сондай-ақ Қазақстан Президентіне ФИФА ресми добы сыйға тартылды.