• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
11 Шілде, 2014

Атырау өнімдері сырттан әкелінетін тауарларды ысыра бастады

364 рет
көрсетілді

АСТАНА. 11 шілде. Атырау облысында жергілікті дихандар өсірген көкөністер нарықты жаулап алды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады. Атырау қалалық кәсіпкерлік бөлімінің жетекшісі Қадырғали Тұрғанов: «Биыл маусымды алғашқы болып ашқан «Дастан» шаруа қожалығы. Осы аптада оның қатарына  «Мұсағали», «Барыс болашақ» және «Қамалов» шаруашылықтары қосылды. Бұл шаруа қожалықтары ұсынып отырған көкөністердің бағасы: қияр – 100 теңге, қызанақ – 320, орамжапырақ – 50, болгар бұрышы – 250 теңге, сәбіз байламы – 100,  жасыл пияз байламы – 50 теңге», – деді. Хабарламада көрсетілгендей, базарлар мен дүкендерде жергілікті қарбыздар да пайда болған. Соның нәтижесінде бір кило қарбыздың құны бір күннің ішінде  120-дан  70 теңгеге төмендеген. Ал ең бастысы, жергілікті дихандар өз өнімдерін саудаға шығара бастағалы Өзбекстан мен Қытайдан әкелінген көкөністер мен картоптың бағасы біршама арзандаған. Жолдыбай Базар. Дереккөз: «ҚазАқпарат». Фото: «ҚазАқпарат».
Соңғы жаңалықтар