• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 04 Мамыр, 2023

Бүгін ауа райы қандай болады?

343 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» бүгін өңірлерде қандай ауа райы күтілетінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Айнымалы бағыттағы жел секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 17-19 градус жылы.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел секундына 0-5 метр. Ауа температурасы түнде 0-2 градус жылы, топырақ бетінде 1-3 градус аяз, күндіз 10-12 градус жылы.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің күші 8-13, екпіні 15-20, күндіз секундына 25 метр. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 20-22 градус жылы.

Ақмола облысында жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 1-6 градус аяз, облыстың солтүстігі мен батысында 3 градус жылы, күндіз 17-22, облыстың шығысында 14 градус жылы.

Алматы облысының таулы аймақтарында жауын-шашын аз (жаңбыр, қар) жауады. Жел солтүстік-шығыстан 9-14, солтүстікте, облыстың таулы аймақтарында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 1-6 градус аяз, облыстың оңтүстігінде 2 градус жылы, облыстың таулы аймақтарында 10-15 градус аяз, күндіз 8-13, облыстың таулы аймақтарында 0-5 градус жылы.

Жетісу облысының таулы аймақтарында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 9-14, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 17-22 метр, күндіз Алакөл маңында секундына 28 метрге жетеді. Түнде 1-6 градус аяз, облыстың солтүстігінде, таулы аймақтарында 9 градус аяз, күндіз 10-15, солтүстікте, таулы аймақтарда 5 градус жылы.

Түнде Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр, облыстың оңтүстігі мен батысында қатты жаңбыр, күндіз облыстың оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14, облыстың батысында, оңтүстігінде секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 10-15, күндіз 20-25, облыстың оңтүстігінде 28 градус жылы.