Қазақстан құрамасы 16 жасқа дейінгілер арасында Азия - Тынық мұхиты аймағы бойынша Шымкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының іріктеу турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.
Жас қазақстандықтар ширек финалда Тайбэй командасынан озды.
Алдымен Анастасия Крымкова Ю Нинг Цайды тізе бүктірді - 5:7, 6:3, 7:5. Бәсеке тартысты өтіп, екі жарым сағатқа созылды.
Ал екінші ойында Полина Слепцова Ли Я Чуді ойсырата жеңді - 6:0, 6:2.
Ертең, 5 мамырда Ярослава Шведованың шәкірттері финалға шығу үшін Аустралия құрамасымен кездеседі. Айта кетсек, олар Гонконгты 2:0 есебімен ұтты.
Бұл ретте, Азия - Тынық мұхит аймағынан үздік үш команда әлем чемпионатына жолдама алатынын айта кету керек.