• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Бокс 07 Мамыр, 2023

Қазақстан бокс федерациясы IBA-ға ресми шағым түсірді

519 рет
көрсетілді

Қазақстан бокс федерациясы Халықаралық бокс федерациясының Президенті Умар Кремлёвқа ресми шағым жолдады. Бұл жайында федерацияның баспасөз қызметі Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ташкентте өтіп жатқан 2023 жылғы Әлем чемпионатында Сәкен Бибосынов пен үнді боксшысы Дипак Кумардың жекпе-жегі бойынша төрешілердің шығарған даулы шешіміне қатысты шағым түсті.

«Қазақстан бокс федерациясы Халықаралық бокс қауымдастығының (AIBA) Президенті Умар Кремлёвтің атына Сәкен Бибосыновтың жекпе-жегі бойынша төрешілердің шығарған даулы шешіміне байланысты ресми шағым жолдады. Біз IBA басшылығынан жауап күтеміз. Өкінішке қарай, қазіргі ережелерге сәйкес наразылық білдіруге (апелляцияға) рұқсат етілмейді. Оның орнына судьялардың шешімін қайта қарау процедурасы ұсынылады: егер жекпе-жек 3:2 немесе 2:3 есебімен аяқталса. Басқа жағдайларда шешімді қайта қарау деген жоқ», деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы.

51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен жерлесіміз 1/16 финалда үндістандық Дипак Кумармен жұдырық түйістіріп, күтпеген жерден ұпай бойынша жеңіліп қалды. Осылайша, Сәкен Бибосынов Әлем чемпионатындағы өнерін мерзімінен бұрын аяқтады.