• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Қоғам 09 Мамыр, 2023

Әлихан Смайылов Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

187 рет
көрсетілді

Премьер-министр Әлихан Смайылов Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жеңіс күніне орайластырылған шара елордадағы «Ақжайық» саябағында өтті.

Аты аңызға айналған пулеметші Мәншүк Мәметова студенттік жылдары Медициналық институтта оқи жүріп, Қазақ КСР Халық Комиссарлары Кеңесінің Хатшылығында жұмыс істеді. 1942 жылғы тамызда ол өз еркімен майданға аттанды. 21-ші атқыштар дивизиясы мен 100-ші атқыштар бригадасының құрамында ұрысқа қатысты. Аға сержант атағын алды, пулеметшілер тобының командирі болды.

Мәншүк Мәметова 1943 жылғы қазан айында (қайтыс болғаннан кейін) Невель маңындағы шайқасқа қатысқаны үшін Кеңес Одағының батыры атағын алды.