• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 09 Мамыр, 2023

Махмұд Сабырхан ширек финалға жолдама алды

583 рет
көрсетілді

Қазақстан боксшысы Махмұд Сабырхан Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

1/8 финалда қазақстандық спортшы Махмұд Сабырхан Үндістан өкілі Сачин Савичпен кездесті. 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жекпе-жекте төрешілердің шешімімен (5:0) Махмұд Сабырхан жеңіске жетті.

Еске салайық, 1/16 финалда М.Сабырхан венгриялық спортшы Иштван Сакадан басым түскен болатын.

Бүгін кешкі сессияда Қазақстанның тағы екі өкілі өнер көрсетеді. Олар: Дулат Бекбауов (67 келі) пен Нұрқанат Райыс (75 келі).