2014 жылғы 26 маусым, Астана, Үкімет Үйі Жеке тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидаларын бекіту туралы «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 10-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Жеке тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 маусымдағы №703 қаулысымен бекітілген Жеке тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Жеке тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және жеке тұтынушыларға жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғыларын сатып алуға атаулы көмек беру тәртiбiн айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) жеке тұтынушыларға атаулы көмек (бұдан әрі – атаулы көмек) – жеке тұтынушылардың қазақстандық өндірушілерден жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғыларын сатып алуға жұмсалатын шығындарының бір бөлігін мемлекеттің өтеуі; 2) электр және (немесе) жылу энергиясын жеке тұтынушы (бұдан әрі – жеке тұтынушы) – орталықтандырылған электрмен жабдықтау экономикалық жағынан орынсыз, электрлендірілмеген елді мекендерде және (немесе) қоныстарда автономды режимде жұмыс істейтін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісінен электр және (немесе) жылу энергиясын тұтынатын жеке тұлға; 3) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғылары – (бұдан әрі – ЖЭК қондырғылары) – жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруге арналған техникалық құрылғылар; 4) уәкілетті орган – жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 5) қазақстандық өндірушілер – Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын және: Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында толық өндірілген ретінде айқындалатын тауарларды; Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында жеткілікті қайта өңдеу критерийлеріне сәйкес Қазақстан Республикасында жеткілікті қайта өңдеуге ұшыраған ретінде айқындалатын тауарларды өндіретін жеке және (немесе) заңды тұлғалар; 6) құрылымдық бөлімше – энергетика, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі іс-шараларға басшылықты және оларды іске асыруды жүзеге асыратын ауданның жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесі. 3. Мемлекет жеке тұтынушыларға осы Қағидаларда айқындалатын тәртіппен жиынтық қуаты бес киловаттан аспайтын жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғылары құнының елу пайызы мөлшерінде атаулы көмек береді. Атаулы көмек жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғысы пайдалануға берілгеннен кейін төленеді. Атаулы көмек беру үшін ауданның жергілікті атқарушы органының (бұдан әрі – ауданның ЖАО) шешiмiмен құрамында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының, аудан әкiмдiгiнiң, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмдерiнiң, қоғамдық ұйымдардың өкiлдерi бар комиссия (бұдан әрi – комиссия) құрылады. Құрылымдық бөлімше комиссияның жұмыс органы болып табылады. 2. Жеке тұтынушыларға атаулы көмек беру тәртiбi Атаулы көмек алу үшін жеке тұтынушылар ЖЭК қондырғысы пайдалануға берілгеннен кейін екi апта мерзiмде құрылымдық бөлімшеге мынадай құжаттар ұсынады: осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атаулы көмек алуға өтініш; жеке басын куәландыратын құжаттың және (немесе) дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы анықтаманың (куәлiктiң) көшiрмесi; сенімхат (жеке тұтынушының құжаттарын басқа жеке тұлға ұсынған жағдайда) көшiрмесі; жеке тұтынушының қазақстандық өндірушімен жасалған өтініште көрсетілген ЖЭК қондырғыларын сатып алуға шарттың көшірмесі; осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініште көрсетілген ЖЭК қондырғыларын пайдалануға қабылдау туралы актi; нөмірін көрсете отырып, екiншi деңгейдегі банктерде немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйымда жеке шотының бар екені туралы екі данада анықтама. Құрылымдық бөлімше: үш жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттарды тексередi және комиссияның қарауына енгiзедi. ЖЭК қондырғыларының қондырғыларды пайдалануға қабылдау актілерінде көрсетілген қондырғылар параметрлеріне сәйкес келуін көзбен шолып тексеру мақсатында жеті жұмыс күнi iшiнде комиссия мүшелерiнiң елді мекендерге және (немесе) қоныстарға баруын ұйымдастырады. Комиссия тексеріп қарау қорытындылары бойынша үш жұмыс күнi iшiнде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық қуаты 5 кВт аспайтын ЖЭК қондырғыларын тексеріп қарау актiсiн (бұдан әрi – тексеріп қарау актiсi) жасайды. Тексеріп қарау актiсі екі данада жасалады, жеке тұтынушыға және комиссияға бір данадан. Комиссия тексеріп қарау актiсiнiң және жеке тұтынушы ұсынған құжаттар негiзiнде үш жұмыс күнi iшiнде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЖЭК қондырғыларын сатып алуға атаулы көмек беру туралы қорытындыны (бұдан әрі – қорытынды) жасайды және оны құрылымдық бөлімшеге ұсынады. Комиссияның қорытындысына ЖЭК қондырғыларын тексеріп қарауды және жеке тұтынушыға тиесілі атаулы көмектің сомасын есептеуді жүргізген комиссия мүшелері қол қояды, аудан әкімі бекітеді, сондай-ақ ауданның мөрімен куәландырады. Комиссияның қорытындысы үш данада жасалады: 1-ші, 2-ші даналар – ауданның ЖАО үшін; 3-ші дана – жеке тұтынушы үшін. Егер Комиссияның қорытындылары бойынша жеке тұтынушыларға берілетін төлемдер сомасы бөлінген бюджеттік қаражаттың көлемiнен асып түсетін жағдайда, комиссияның қарауына бұрын түскен жеке тұтынушылардың өтiнiмдерi басым тәртіппен қанағаттандырылады. Құрылымдық бөлімше комиссия қорытындыларының негізінде үш жұмыс күнi iшiнде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке тұтынушылардың атаулы көмек алатын тізімін қалыптастырады және аудан әкiмiне бекiтуге ұсынады. Ауданның ЖАО атаулы көмек төлеуді өзi таңдаған екiншi деңгейдегі банктегi немесе банк операцияларының тиiстi түрлерiне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйымдағы жеке шотының деректемелерi көрсетілген өтiнiшiнің негiзiнде алушының таңдауы бойынша екiншi деңгейдегi банктер немесе банк операцияларының тиiстi түрлерiне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйым арқылы он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырады. ЖЭК қондырғылырын сатып алуға бөлінген атаулы көмек туралы ақпарат тиісті жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірмей, ауданның ЖАО интернет-ресурстарында жылына бір рет орналастырылады. Жеке тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидаларына 1-қосымша Атаулы көмек алуға өтінім «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес менің _______________________________________________________________ (өтінім берушінің ТАӘ, өтінім берушінің ЖСН, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың деректері) қазақстандық өндірушіден төменде көрсетілген,________________________________ _______________________________________________мекенжайында орналасқан (мекенжайды көрсету) жиынтық қуаты 5 кВт-қа дейін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғыларын (бұдан әрі – ЖЭК қондырғысы) сатып алуыма байланысты, маған атаулы көмек беруіңізді сұраймын: Р/с№ ЖЭК қондырғы ларын қазақстандық өндірушінің атауы Зауыттық нөмірі көрсетілген ЖЭК қондырғы ларының атауы ЖЭК қондырғы сының қуаты, кВт ЖЭК қондыр ғысының құны, теңге Өтелетін болжамды сома, теңге ЖЭК қондыр ғысының нормативтік пайдаланудың мерзімі (жыл) 1 2 3 4 5 6 7 Жиыны: Барлық берілген құжаттар мен ақпараттың шынайылығына кепілдік беремін. Атаулы көмек сомасын төлеуді мынадай деректемелер бойынша жүргізуді сұраймын: Алушы (ТАӘ не тұтынушының атауы):___________________; Алушының ЖСН немесе БСН: ______________________________; Банктік шоттың немесе банк операцияларының тиiстi түрлерiне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйымдағы жеке шотының №: ____________________________________________; Банктің немесе банк операцияларының тиiстi түрлерiне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйымның атауы:_____________________________________; Банктің немесе банк операцияларының тиiстi түрлерiне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйымның жеке коды: _______________________________ Осы өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі: (қоса берілетін құжаттардың тізімі) ТАӘ Қолы Күні Жеке тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидаларына 2-қосымша Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғысын пайдалануға қабылдау туралы акті 20__жылғы «___» №____ 1. ________________________________________________________________________ облыс, аудан, елдi мекен және /немесе қоныс, көше, ______________________________________________ мекенжайы бойынша орналасқан үйдiң нөмiрi) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғысы (бұдан әрі – ЖЭК қондырғысы)__________________ пайдалануға қабылдауға ұсынылды. 2. ЖЭК қондырғысы сатып алынған қазақстандық өндірушінің атауы: _________________________________________________________________________ 3. ЖЭК қондырғысын пайдалануға беру жұмыстарының басқа түрлерін орындаған ұйымдардың атауы: ____________________________________________________________ (ұйымдардың атауы, әрбiр ұйым орындаған жұмыстардың түрлерi) 4. Құрылыс-монтаждау жұмыстары мына мерзімде жүзеге асырылды: жұмыстардың басталуы_____________; жұмыстардың аяқталуы __________________ 5. Іске қосу-баптау жұмыстары мына мерзімде жүзеге асырылды: жұмыстардың басталуы______________; жұмыстардың аяқталуы__________________ (айы, жылы) (айы және жылы) 6. Пайдалануға беруге ұсынылған ЖЭК қондырғысы мынадай деректермен сипатталады: ___________________________________________________________________________ (оны орналастыру, негізгі материалдары мен конструкциялары, технологиялық ___________________________________________________________________________ жабдықталуы бойынша қысқаша техникалық сипаттамалар) 7. Энергиямен жабдықтаудың сыртқы коммуникациялары ЖЭК қондырғысының қалыпты пайдаланылуын қамтамасыз етеді. 8. Шешім: Қабылдануға ұсынылған ЖЭК қондырғысы ___________________________________ (ЖЭК қондырғысының атауы) ________________________________________________ ПАЙДАЛАНУҒА ҚАБЫЛДАНДЫ. Өндірушінің өкілі: ________________________________________________________________________ (ТАӘ, қолы, күні, мөрі) Жұмыстардың басқа түрлерінің жауапты орындаушылары______________________ ___________________________________________________(ТАӘ, қолдары, күні, мөрі) Жеке тұтынушы: ___________________________________________________________(ТАӘ, қолы, мөрі) Жеке тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидаларына 3-қосымша Жеке тұтынушыны электрмен жабдықтауды қамтамасыз ететін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғыларын тексеріп қарау актісі 20__жылғы «___» №______ ____________________________________________________ мекенжайы бойынша (елді мекеннің және (немесе) қоныстың атауы) Біз, төменде қол қоюшылар, комиссия төрағасы: ________________________________________________________________________(лауазымы, ТАӘ) комиссия мүшелері: ________________________________________________________________________(лауазымы, ТАӘ) ________________________________________________________________________(лауазымы, ТАӘ) ________________________________________________________________________(лауазымы, ТАӘ) бір тараптан және жеке тұтынушы_____________________________________екінші (ТАӘ) тараптан мынадай жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғыларына (бұдан әрі – ЖЭК қондырғысы) көзбен шолып тексеру жүргізілгені туралы осы актіні жасадық: ЖЭК қондырғысын қазақстандық өндірушінің атауы:________________________ ЖЭК қондырғыcының атауы_______________________________________________ зауыттық нөмірі ____________қуаты ______ кВт, ЖЭК қондырғысының атауы_________________________________________________ зауыттық нөмірі ____________қуаты ______ кВт. Көзбен шолып тексеру барысында жоғарыда көрсетілген ЖЭК қондырғыларының шын мәнінде орнатылғаны, пайдалануға берілгені және жұмыс істейтіні белгіленді. Комиссия төрағасы: _______________________________________________________________ (лауазымы, ТАӘ) комиссия мүшелері: _______________________________________________________________ (лауазымы, ТАӘ) _______________________________________________________________ (лауазымы, ТАӘ) Жеке тұтынушы: ________________________________________________ (ТАӘ, қолы, мөрі) Жеке тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидаларына 4-қосымша «Бекітемін» _______________________ (облыстың атауы) _____________________________ауданының әкiмi ___________________________________________ (ТАӘ, мөрі) Жеке тұтынушыға жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғыларын сатып алуға атаулы көмек беру туралы қорытынды № _______ ________ күні ___________________________________________________________________________ (жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғыларының (бұдан әрі – ЖЭК ___________________________________________________________________________ қондырғылары) орналасқан жері, оның ішінде елді мекеннің және (немесе) ___________________________________________________________________________ қоныстың атауы) ___________________________________________________________________________ (кім құрған, ауданның ЖАО атауы, күні, комиссия құрамы туралы _______________________________________ құрылған, шешімнің нөмірі) құрамында төраға: _______________________________________________ (ТАӘ, атқаратын лауазымы және жұмыс орны) және комиссия мүшелері: _________________________________________________________________ бар комиссия (ТАӘ, атқаратын лауазымы және жұмыс орны) қаралған құжаттардың нәтижелері бойынша: ____________________________________ (құжаттар тізбесі келтіріледі) ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ және ЖЭК қондырғысын тексеріп қарау нәтижелері бойынша жасалған комиссия актісінің негізінде _________________________________________________________________ (қарап тексеру жүргізілген күн мен қондырғыны тексеріп қарау актісінен ___________________________________________________________________________алынған қорытынды келтіріледі) мынадай қорытынды қабылдады: ___________________________________________________________________________ (атаулы көмекті төлеудің ұсыным берілетін сомасын көрсете отырып, комиссия __________________________________________________________________________ қабылдаған қорытындының негіздемесі келтіріледі) Қорытындыға қосымша: 1) қаралған құжаттардың тізбесі 2) ЖЭК қондырғыларын тексеріп қарау актісі 3) атаулы көмек төлемі сомасының есебі ___________________________________________________________________________ Комиссия төрағасы: ___________________________ ______________________ (қолы) (ТАӘ) комиссия мүшелері: ___________________________ ______________________ (қолы) (ТАӘ) ___________________________ ______________________ (қолы) (ТАӘ) Жеке тұтынушыларға атаулы көмек беру қағидаларына 5-қосымша «Бекітемін» _______________________ (облыстың атауы) _____________________________ауданының әкiмi ___________________________________________ (ТАӘ, мөрі) Атаулы көмек алатын жеке тұтынушылардың тізімі (жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғылары құнының 50 %-ын өтеу үшін) Жаңартыла тын энергия көздерін пайдалану қондырғыларының атауы (бұдан әрі –ЖЭК қондыр ғыcы) ЖЭК қондырғыcы орналасқан елді мекеннің және/ немесе қоныстың атауы Жеке тұтыну-шының ТАӘ ЖЭК қондыр ғысының қуаты, кВт ЖЭК қондыр- ғысы ның құны, теңге Бюджеттік қаражаттың тиесілі сомасы, теңге 20__ж. «___» _____ төленуге тиіс, теңге 1 2 3 4 5 6 7 Жиыны: Төленетін сома __________(цифрлармен) ________________(жазбаша) теңге. ________________ауданының құрылымдық бөлімшесінің басшысы _______________________ (ТАӘ, қолы) Бас бухгалтер _______________________ (ТАӘ, қолы)
•
12 Шілде, 2014
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №703
737 рет
көрсетілді