• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
12 Шілде, 2014

Оралда Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеденшілері бас қосты

440 рет
көрсетілді

АСТАНА. 12 шілде. Кеден одағына қатысушы елдердегі кеден қызметі бірлескен алқасы жанындағы жұмыс тобының сарапшылары Орал қаласында кездесті. Бұл туралы i-news.kz хабарлады. Басқосуда Еуразиялық экономикалық одақтың Кедендік кодексін әзірлеу кезінде тәуекелдерді басқару жүйесі талқыланды. Бұдан бөлек, жиынға қатысушылар аталмыш экономикалық құрылым аумағында тауарларды тасымалдау кезіндегі заң бұзушылықтармен күресу шараларын бір ізге түсіру және кепілдік тетіктерін дамыту жолдарын қарастырды. Биыл Қазақстан мен Кеден одағына мүше елдер арасындағы тауар айналымының көлемі 24 миллиард долларға жеткен. Бұл салада экспорттық тауарлардың үлесі көбейе түскен. Естеріңізге сала кетейік, 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан, Беларусь және Ресей Федерациясы арасында Кедендік кодекс енгізілген болатын. Жолдыбай Базар. Дереккөз: i-news.kz. Фото: i-news.kz.