• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 11 Мамыр, 2023

Мәлік Олжабеков «Байқоңыр» айлағын жалға беруге қатысты жағдайды түсіндірді

357 рет
көрсетілді

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Мәлік Олжабеков «Байқоңыр» ғарыш айлағын жалға беру елімізге қаншалықты тиімді екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Байқоңыр» ғарыш айлағында кеңестік кезеңнен қалған ұшыру алаңдары бар. Ұшыру кешендерінің өзі нақты үлгідегі зымыран тасығыштарға арнап жасалған. Сондықтан онда арнаулы зымыран тасығыштар пайдаланылуда. Оларды басқа мақсаттарда пайдаланудың балама бағыттары жоқ, өйткені  техникалық тұрғыда мүмкін емес», деп жауап берді М. Олжабаев Сенаттың жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сұрағына.

Осы орайда ол жалға алу шарты бірнеше рет ұзартылғанын айтты.

«Бұл бағытта тиімді жобалар бар. Оның ішінде ғарыш айлағы қызметіне мамандарымызды жұмылдыру ескерілген. Сонымен қатар зымыран тасығыш ұшырылғаннан кейін, экологиялық жағдайға бақылау жасауға ерекше мән беріліп отыр. Осы тұрғыда біз екіжақты өзара тиімді ынтымақтастық аясындағы қарым-қатынасымызды тереңдетіп жатырмыз»,  деді вице-министр.

«Ғарыш айлағын жалға беру құны жылына 115 миллион долларды құрап отыр. Егер инфляция туралы айтатын болсақ, бұл төлем доллармен есептеледі. Ал ұлттық валютада болса да, қазіргі бағам бойынша есептеліп отырады. Теңгедегі баға 1994 жылдан бері айтарлықтай өсті»,  деді Мәлік Олжабеков.