• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Бокс 11 Мамыр, 2023

Әлем чемпионаты: Қазақстандық боксшылардың жарыс кестесі жарияланды

2355 рет
көрсетілді

12 мамырда Ташкентте өтетін әлем чемпионатының жартылай финалындағы қазақстандық боксшылардың жекпе-жек кестесі белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Түстен кейінгі сессияда (Астана уақытымен 15:00) Қазақстан құрамасының үш өкілі рингке шығады: 48 келіге дейінгі салмақта Санжар Тәшкенбай ресейлік Эдмонд Худоянмен (2-жұп) жұдырықтасады. Бұдан соң 54 келі салмақта кубалық Йосвани Вейтиамен Махмұд Сабырхан (3-жұп) шығады. Дулат Бекбауов 67 келі салмақта грузин боксшысы Лаша Гурулимен кездеседі (7-жұп).

Кешкі сессияда (19:00) еліміздің тағы екі спортшысы шаршы алаңға шығады: 71 келіге дейінгі салмақта Асланбек Шымбергенов пен үндістандық Нишант Дев, 80 келі салмақта Нұрбек Оралбай мен Имам Хатаев (Ресей) жұдырықтасады.