• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Сенат 11 Мамыр, 2023

Сенатта Халықаралық институт құру туралы келісімнің ратификациясы талқыланды

350 рет
көрсетілді

Депутаттар Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік жөніндегі комитетінің кеңейтілген отырысында «Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы институтын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Заңда өз функциясын жүзеге асыру үшін қажетті артықшылықтар мен жеңілдіктер берілетін толыққұқықтық субъекті болып табылатын үкіметаралық ұйым ретіндегі Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық институтын құру көзделіп отыр.

Келісімді ратификациялау институтқа мүше елдердің өңірлік ынтымақтастық, жобаларды жоспарлау және іске асыру процестеріне қатысу мүмкіндігін кеңейтуді көздейді.

«Келісім бірлескен немесе ұжымдық жобаларды жүзеге асыру және ғылыми зерттеулердің деректері мен нәтижелерін кеңінен тарату арқылы ОАӨЭЫ-да және институтқа мүше елдер арасында ғылыми зерттеулердің тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Институттың жұмысы аясында қазіргі қауіп-қатерге сай әрекет ету және ынтымақтастықты жүзеге асыру мақсатында елдерге тәжірибе алмасуға негізделген инновациялық шешімдер ұсынылатын болады»,  деп атап өтті сенатор Шәкәрім Бұқтұғұтов.

Комитет мүшелері талқылау нәтижелері бойынша заңды Палата отырысында қарауға жіберу туралы шешім қабылдады.